«Нашақорлықтың алдын алу» бойынша дәріс
№173 мектеп-лицейдің инспекторы Д.Е.Анаркулова мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Б.Жапарова 6 сынып білім алушыларына жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу мақсатында дәріс оқыды. Дәріс барысында оқушыларды қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқықбұзушылық құқықтарымен таныстырып, ұлдарға нашақорлықтың зияндығы, темекі шегудің алдын алу сынды тәрбиелік-құқықтық кеңестер беріліп, оқушылар өз ой-пікірлерімен алмасты.