Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігінің ашылуы » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігінің ашылуы
03
апрель
2023

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігінің ашылуы

3 сәуір күні таңғы сағат 7:30 да қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігінің ашылуы өтті. 

Тақырыбы: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста»

Мақсаты:  Жас ұрпақты ана тілі мен әдебиетін оқытуға баулу. Олардың халқына деген, тіліне деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты дамыту. Абай мұрасы мен «Толық адам» концепсиясымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, әдебиет пен тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру. Абай шығармашылығының  қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу. 

Салтанатты жиынның ашылуы барысында оқушылар Абай атамыздың өлеңдері мен қарасөздерін оқыды. Сонымен қатар, 9 "Г" сыныбының қыздары мен ұлдары "Қара жорға" биін билеп көпшілікті тәнті етті. Салтанатты жиынның соныңда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері "Желсіз түнде жарық ай" әнін хормен орындап жиынды аяқтады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: