«Гидропоника»зертханалық кабинетінің ашылуы » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Гидропоника»зертханалық кабинетінің ашылуы
03
февраль
2020

«Гидропоника»зертханалық кабинетінің ашылуы

Ғылыми-техниканың даму заманында білім салаларына көптеген жаңалықтар енгізілуде. Сондай жаңалықтардың бірі, қазіргі таңдағыөзекті мәселелердің біріне айналған халықты табиғи өніммен қамтамасыз ету. Атап айтқанда, гидропоника әдісі. Дүние жүзі бойынша алдыңғы қатарлы мемлекеттер осы әдіспен    тағамдық көкөністер, малазықтық жем-шөп, әсемдік гүлдер өсіруде. Нақтырақ болу үшін «Гидропоника дегеніміз не?», оның «қандай мүмкіншіліктері бар?» соған тоқталсақ.

Гидропоника (гр.һуdro— су, ponos — жұмыс) — 1) өсімдіктерді (көкөніс, мал азығындық шөптер, т.б.) топырақсыз физиологиялық ерітінділерде — малтатас, кұм немесе жабық ауа кеңістігінде- әлсін-әлсін қоректік ерітінділерді бүрку арқылы өсіру;
  Өсімдіктерді топырақсыз, жасанды ортада — қоректік заттардың судағы ерітіндісінде өсіру. Гидропоникада қолданылатын ерітінділердің құрамы өсімдіктердің биологиялық қасиетіне қарай әр түрлі болады. Өсімдік тамыры ерітіндіде ауытқымай тұру үшін әр түрлі 
қиыршықтас, құм  және т.б. пайдаланылады. Өсімдікке қажетті ауа желдеткіш арқылы беріліп тұрады.

Гидропониканың мүмкіншіліктері:

  • Абиотикалық факторларды(су мен жер) үнемдеу
  • Экологиялық таза өнім
  • Адам күшін үнемдеу

Біздің елімізде бұл жаңалықтан қалыс қалған жоқ. Елімізде білім беру орталықтарында 18 гидропоника сыныптары бар. Ал, Алматы қаласы бойынша бірінші болып№173 мектеп –лицейінде2019-2020  оқу жылының қаңтар айынан бастап «Гидропоника»зертханалық кабинеті ашылып, 7,8,9-шы сынып оқушылары таңдалып, қазіргі таңда 30-ға жуық оқушылар жұмыс жасауда. 

Мақсатымыз- оқушыларды қызықтыра отырып, биологиядан заманауи білім берумен қатар, болашақ мамандықтарға дайындау.

Оқушыларға тиетін пайдасы- биологиялық білімі және тәжірбиесі көбейген жағдайда, ары қарай олимпиада немесе жоба сайыстарға қатысуға мүмкіндік береді, оған қоса алған жаңа күрделі информациямен жұмыс істеу тәжірбиесі оқу үдерісіне жағымды әсерін береді.

Мектепке тиер пайдасы- қосымша білімге тартылған оқушылардың саны көбейсе мектептің көрсеткіштері дамып имиджі өседі; жаңа жасыл технологиялар мемлекет стратегиясына сәйкес келеді.

Болашағы- кішкентай азаматтарымыздың келешекте бәсекеге қабілеттілігі болу үшін бүгінгі мектеп ертенгі мамандықтарға дайындау керек. Осындай жаңалығымызбен бөлісуге, тыныс-тіршілігімен танысуға ҚР-ның қоғам қайраткері, медицина ғылымдарының докторы Зауреш Джуманалиевна Аманжоловакеліп, жұмыс барысымен, оқушылармен танысып, ақылын айтып, жұмысымызға сәттілік тілеп, батасын беріп кетті.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

12 июль 2018 Жұмыс жоспары
03 июнь 2018 Хаттама №3
17 май 2018 Хаттама №2
17 апрель 2018 Хаттама №1