1 наурыз –Алғыс айту күні » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 наурыз –Алғыс айту күні
02
март
2020

1 наурыз –Алғыс айту күні

1 наурыз күні  жалпыхалықтық мереке - Алғыс айту күнін атап өтудеміз. Бұл мереке біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні. № 173 мектеп-лицейінде Алғыс айту күніне орай іс-шаралар ұйымдастырылды. Фойеде «Алғыс айтамын, Сізге!» тақырыбында тақта орнатылып, баннер ілінді.  Оқушылар ата-аналарына, ұстаздарына жылы тілектерін жазып  қалдырды. Сонымен қатар, «Алғыс айту-игі іс» тақырыбында сынып сағаттары өтті. 5 сынып оқушылары  флешмоб  ұйымдастырды. Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Мектеп оқушылары мен ұстаздар қарттарды  құттықтап,  жылы лебіздерімен мерекелік концерт   ұйымдастырып, сыйлықтарын тарту етіп, Мамыр ықшам ауданында орналасқан «Ардагерлер үйіне»   барып қайтты. Қариялар  болса оқушыларға  алғыстарын айтып, баталарын берді.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: