Алматының жыл мұғалімі » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматының жыл мұғалімі
16
апрель
2021

Алматының жыл мұғалімі

  1. Осы Алматы қаласының педагогтарына жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтарын беру тәртібін, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемдерін беру тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Педагог мәртебесі туралы» Заңына сәйкес әзірленді және меншік нысандарына қарамастан Алматы қаласы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне жергілікті ерекшелік белгісін және «Алматының жыл мұғалімі» құрметті атағын беру және мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтарына гранттарды тағайындау тәртібін айқындайды.

2. «Алматының жыл мұғалімі» құрметті атағын беру бойынша конкурсты (бұдан әрі – Конкурс) Алматы қаласы Білім басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) өткізеді.

«№173 мектеп-лицей» КММ-нің ұжымы «Алматы жыл мұғалімі» байқауының ақпараттық хаты мен ережесі келген соң, әдістемелік  кеңесінің   отырыс өтті. Әр кафедраның жетекшілері ақылдаса келе, мұғалімдерін ұсынды. Мектепішілік байқауға Еликбаева Айгул Мамырбековна информатика пәнінің мұғалімі мен Садыкова Бахтыгуль Сейтсултановна   қатысты.

 Конкурсқа қатысушы – Конкурсқа қатысуға құжаттарын ұсынған Алматы қаласы  «№173 мектеп-лицей» КММ-нің штаттағы педагог қызметкер;

 педагог портфолиосы – педагогтің білім беру қызметіндегі жеке кәсіби жетістіктері, оқушыларының оқуы мен тәрбиесі және дамуының нәтижесі, педагогтің белгілі бір уақыт аралығындағы білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі ұсынылған жеке папкасы;

 эссе – белгілі бір тақырып бойынша жеке әсерді, идеяларды білдіретін шағын көлемді ойлар, шығарма;


«Алматының жыл мұғалімі» құрметті атағын беру тәртібі


4. «Алматының жыл мұғалімі» құрметті атағы меншік нысандарына қарамастан Алматы қаласы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне жыл сайын конкурстық негізде беріледі.

5. «Алматының жыл мұғалімі» құрметті атағы бір адамға бес жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.

6. Конкурсқа мынадай талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады:

1) Конкурсқа қатысушы ұсынған Алматы қаласы орта білім беру ұйымының штатында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар педагог қызметкер болып табылатын;

2) Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі бар.

7. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін оның әр кезеңінде ұйымдастыру комитеті құрылады (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті).

Ұйымдастыру комитеті:

  1. Конкурстың барлық кезеңдерде өткізілуін қамтамасыз етеді;
  2. Конкурс кезеңдерінің өткізілу мерзімін белгілейді;
  3. Конкурсқа қатысушылардың өтінімдері мен конкурстық материалдарды қабылдайды;
  4. Конкурс кезеңдерінің нәтижелерін талдайды және қорытынды нәтижелерді шығарады;
  5. Конкурстық комиссия шешімінің негізінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды; 
  6. Алматы қаласының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында Конкурс қорытындыларын жариялайды.  

1 тур  – пән бойынша олимпиада, мұғалімнің портфолиосын зерделеу. 

Бағалау критерийі: оқытатын пәніне байланысты теориялық дайындығы мен мұғалімнің кәсіби жетістіктері.

2 тур –  «Менің инновациялық педагогтік тәжірибем» айдарымен мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық негіздерінің, әдістемелік және технологиялық құрылымының таныстырылымы. Таныстырылым ұзақтығы – 10 минуттан артық емес.

Бағалау критерийі: мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық, әдістемелік және технологиялық негіздерінің өзектілігі, нақтылығы, инновациялығы және оның баяндау шеберлігі, жаңашылдығы, сындарлы ойлауы, жобаның тәжиірбелік бағыты.

3 тур – «Сабағым – мұғалімнің кәсіби тұжырымымның айнасы» айдарымен мұғалімнің өзінің  таныстырылымында баяндаған тұжырымдама негізінде өткізілетін сабағы. Сабақтың ұзақтығы – 40 минут. Конкурсқа қатысушы сабақты басқа мектептің оқушыларымен өткізеді. Сабақтан кейін конкурсқа қатысушы өз сабағына талдау жүргізеді. 

Бағалау критерийі: мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық негіздемелері, әдістемелік және технологиялық құрылымы сабақта қаншалықты жүзеге асқандығы, оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыратынсындарлы ойлауын, қарым-қатынас жасау қабілеті және командада жұмыс істеу дағдысын дамытуды іске асыру деңгейі. 

4 тур – «Мен елімнің патриотымын» тақырыбында басқа мектептің оқушыларымен тәрбие сағатын өткізу. Тәрбие сағатының ұзақтығы – 30-40 минут. Соңынан конкурсқа қатысушы тәрбие сағатына талдау жүргізеді. 

Бағалау критерийі: кішкентай Отанына деген сүйіспеншіліктен, Қазақстанда тұратын халықтардың рухани-адамгершілік құндылықтары призмасы арқылы ұлттық бірегейлікті сақтаудан басталатын қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы мұғалімнің шығармашылық әлеуеті мен тәжірибесі.

Бағалау критерийі: педагогикалық кредосы, белсенді азаматтық ұстанымы, өзгелерді өзіне тартуы, сенімділігі, сындарлы ойы. 

Жоғарыда көрсетілген байқаудың ережесіне сәйкес екі педагог қызметкерлердің  құжаттары, эссе, сабақтары талдана келе, 1-орынды Садыкова Бахтыгуль Сейтсултановнаға, 2-орынды Еликбаева Айгул Мамырбековнаға берілді.


Мектепішілік байқаудан 1-орын алған Садыкова Бахыткуль Сейтсултановна аудандық байқауға жолдама алды. Аудандық   байқауға жолдама алған Садыкова Б.С   келесі құжаттарды дайындайды:

1)    Тәртіптің 1-қосымшасына сәйкес, Ұйымдастыру комитеті төрағасының атына жазылған өтінім;

2)    «Менің инновациялық педагогтік тәжірибем» өз қызметінде кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық негіздерін, әдістемелік және технологиялық құрылымын қамтитын таныстырылым;

3)   «Сабағым – кәсіби тұжырымымның айнасы» таныстырылымында баяндалған кәсіби шығармашылықтың тұжырымдамасы негізінде құрылған сабағының қысқа мерзімді жоспары;

4)   мұғалімнің өзі сынып жетекшісі болып табылатын оқушылармен «Мен елімнің патриотымын»  тақырыбында өткізетін тәрбие сағатын әзірлеу;

5)   Тәртіптің 2-қосымшасына сәйкес, педагогтың портфолиосы.


          Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беріп жүрген  әріптесіміз Садыкова Бахтыгуль Сейтсултановнаның  еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. 

Садыкова Б.С  апайымызға сәттілік тілейміз.


 
 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: