Бастауыш сыныптар бойынша жазғы мектепті ұйымдастыру анықтамасы » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бастауыш сыныптар бойынша жазғы мектепті ұйымдастыру анықтамасы
15
июнь
2021

Бастауыш сыныптар бойынша жазғы мектепті ұйымдастыру анықтамасы

Мақсаты: Бастауыш сыныптарда үлгерімі нашар оқушыларға баса назар аудара отырып, жазғы мектеп бойынша негізгі пәндерде ықшамдалған қайталау сабақтарының  өткізілу  жұмысына талдау жасау.


Бастауыш сыныптар бойынша 26.05-31.05 аралығында ата-аналардың өтініші жинақталып, 01.06-нан бастап жазғы мектеп жұмысын бастады. Жазғы мектепке жиналған оқушылар саны 55. 

31.05.21 ж. Жазғы мектеп бойынша жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Әр сынып бойынша оқушылар карантин режимін сақтай отырып, топқа бөлініп,оқу кабинеттері белгіленді.  

01.06-нан бастап сағат 09:00 –ден 11-20-ға дейін, 09:30-дан  11:40-қа дейін сабақ кестесі бойынша бекітілген мұғалімдер сабақ өткізді.   

  • 1- сынып бойынша    оқу бағдарламасы негізінде   күрделі тақырыптар қамтылып, сауат ашу пәнінен 14 сағат, математика пәнінен 14 сағат  қайталау сабақтары  өткізілді.
  • 2- сыныптар   бойынша оқу бағдарламасы негізінде күрделі тақырыптар алынып, қазақ тілі пәнінен  14 сағат, математика пәнінен 14 сағат және әдебиеттік оқу пәнінен 8 сағат қайталау сабақтары  өткізілді.
  • 3- сыныптар   бойынша  оқу бағдарламасы негізінде  күрделі тақырыптар алынып, қазақ тілі пәнінен 14 сағат, математика пәнінен 14 сағат, жаратылыстану пәнінен            8 сағат қайталау  сабақтары  өткізілді. 
  • 4- сыныптар   бойынша оқу бағдарламасы негізінде күрделі ттақырыптар  қамтылып, қазақ  тілі пәнінен   14 сағат, математика пәнінен 14 сағат және әдебиеттік оқу пәнінен 8  сағат  қайталау сабақтары  өткізілді.

01.06-18.06 аралығында мұғалімдер  өткізген қайталау сабақтары бойынша, оқушылардың тақырыпты меңгергендігін   білу үшін күнделікті кері байланыс жүргізіп отырды.  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: