«Академиялық адалдық» сынып сағаттарының өтілуі туралы » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Академиялық адалдық» сынып сағаттарының өтілуі туралы
20
октябрь
2021

«Академиялық адалдық» сынып сағаттарының өтілуі туралы

«№173 мектеп-лицей» КММ-де қазан айының 19-ы күні жалпы 2-11 сынып аралығында «Академиялық адалдық» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтілді.

Мақсаты: оқушылардың өз оқуына жауапкершілігін және жеке адалдығын дамытатын оқу үдерісіндегі негізгі академиялық адалдық принциптерін түсіндіру;

Оқушыларға қандай жағдайда академиялық адалдық бұзылатыны жайлы айтылды.


1) сыбайласу: 

- кез келген бағаланатын жұмысты өзге оқушы үшін орындау; 

2) алдау: 

- бағаланатын жұмысты басқа оқушылардан көшіріп алу; 

- бағаланып кеткен жұмысты қайталап көрсету, өткізу; 

- бағаланатын жұмысты орындамаған, мезгілінде орындамаған жағдайда жалған ақталу; 

3) бағаларды, мәліметтерді, бағаланатын жұмыстарды бұрмалау: 

- бағаларды, тапсырма жауаптарын бағалау нәтижелерін боямалау; 

- басқа оқушының бағаланатын жұмысын әдейі бүлдіру немесе боямалау; 

4) бағаланатын жұмыстардың жауаптарын әділетсіз жолмен алу: 

- жиынтық бағалау жұмыстарын орындау кезінде жауаптарды беру; 

5) Ақпарат пен құрылғыларды заңсыз пайдалану.


Ережені бұзған жайдайда шара қолдану тәртібі 

АкаАкадемиялық адалдыққа қатысты тәртіп бұзушылықтар анықталса: 

  • Пән мұғалімі осы ережеде бекітілген форма негізінде ереже бұзғандығы туралы акт құрап, оқушылармен кездесу өткізеді. Ереженің бұзылғандығы туралы акті негізінде ереже бұзғандығы анықталған жағдайда оқушы жұмысы, тесті мен тапсырмасы  қайта тапсыруға жіберіледі. 
  • Ал жүйелі түрде (екі не одан көп), бекітілген форма негізінде ережесін бұзғандығы туралы анықталса, онда заттай айғақтар мен оқушы жұмысының көшірмесі оқу орынбасарларына тапсырылады. Оқу орынбасарлары оқушының ата-анасын немесе оның басқа да заңды өкілін жазбаша түрде ережені бұзғаны туралы ескертеді. Оқу орынбасарлары бар құжаттарды мектеп комиссиясына береді. 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: