"БІЛІМ САПАСЫ-МҰҒАЛІМ ІЗДЕНІСІНДЕ» әдістемелік күн » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "БІЛІМ САПАСЫ-МҰҒАЛІМ ІЗДЕНІСІНДЕ» әдістемелік күн
05
февраль
2022

"БІЛІМ САПАСЫ-МҰҒАЛІМ ІЗДЕНІСІНДЕ» әдістемелік күн

«Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез», – деп ұлы Абай айтқандай,  Ұстаз – әрқашан ілім мен ізгілікті алға қоятын тұлға.  
Біз қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болуымыз керек. Бұл үшін бір орында тұрып қалмай, ілгері жылжу басты мақсатымыз  болуы тиіс. Білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында, жаңалықпен жаңашылдыққа нық қадам басу мақсатында бастауыш сынып ұстаздарымен бірлесе отырып, 05.02.22 ж.  «БІЛІМ САПАСЫ-МҰҒАЛІМ ІЗДЕНІСІНДЕ»атты білім деңгейін арттыруға арналған әдістемелік көмек  беру күні ұйымдастырылды.
Әдістемелік күннің негізгі мақсаты  :
Оқу бағдарламасы аясында  бастауыш сынып оқушыларын  оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер мен дағдыларды қалыптастырып,білім сапасын арттыруға негіздеу.
Әдістемелік күн барысында:
Мектеп директоры Байымбетова Л.М. ҚР БҒМ кеңейтілген алқа отырысындағы  мәселелерге тоқталды:
  • Мектепке дейінгі және орта білім деңгейіндегі басымдықтар;
  • Мұғалімдермен мектеп басшыларының, басқа да білім мекемелерінің осы деңгейдегі сапалық құрамын арттыру;
  •  Мектептегі мекемелерде сапаны арттыру және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;
  •  Дарынды балаларды қолдау;
  • Білім берудің қолжетімділігін, инклюзивтігін қамтамасыз ету;
  • Тәрбие жұмысында құндылықтардың жүйесін енгізу мәселелері төңірегінде сөз қозғады.
« Қазақ елінің үздік ұстазы», педагог –шебер Садыкова Бахтыгуль Сейтсултановна Білім сапасын арттыру мақсатында бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде өз тәжірибесімен бөлісе отырып, білім беру жүйесі бойынша әдістемелік нұсқау хаттағы  бірқатар ерекшеліктермен  таныстырды.
 ҚР-ның Білім және Ғылым министрлігі "ӨРЛЕУ" АҚ БАҰО АҚ ФИЛИАЛЫ "Білім беру жүйесі қызметкерлерінің  біліктілігін арттыру республикалық институты «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы тренер Аюпова Назым Алиятовна және Абай атындағы ҚҰПУ доценті, педагогика ғылымдарының  кандидаты, аға оқытушы Толешова Улмекен Болатовна     «Бастауыш сынып оқушыларын оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбында мұғалімдермен  өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, практика жүзінде көптеген жаңаша әдіс-тәсілдердің қалай қолдану керектігін үйретті. 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: