10 тамыз - Абай күні » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
август
2022

10 тамыз - Абай күні

Құрметті әріптестер мен оқушылар!
Түркі әлемінің ортақ мақтанышы, қазақтың ұлы тұлғасы — Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы құтты болсын!
Абай Құнанбайұлы ғұлама ғалым, ойшыл ақын, ағартушы ұстаз ретінде ұлтымыздың тұғыры биік мақтанышы.
Абай – дала философы. Абай шығармашылығы әлемдік туындылар қатарында орын алған халқымыздың баға жетпес мұрасы мен рухани азығы. Абай – қазақтың ұлы Абайы, жер жаһанның алыбы. Жас толқын үшін Абайдың өсиеттері мен өнері асыл қазына.
Осы орайда, мерейлі мейрамда, Ұлы тұлғаға тағзым жасау мақсатында 173 мектеп-лицей оқушылары Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнап «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты Абай өлеңдеріне арналған сыныптар арасында эстафета бастады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: