Қамқоршылық кеңес және мектеп ұжымына қаржылық кіріс-шығыс есебі » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңес және мектеп ұжымына қаржылық кіріс-шығыс есебі
30
октябрь
2020

Қамқоршылық кеңес және мектеп ұжымына қаржылық кіріс-шығыс есебі





 ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында № 173 мектеп-лицей директоры Ләйлә Мұхамеджанқызы Байымбетованың ата-аналар комитеттері мен қамқоршылық кеңес және мектеп ұжымына қаржылық (кіріс және шығыс) еесеп беру жиналысы 23.10.2020 жылы қашықтан өтті.
Ата-аналар жиналысының тақырыбы бойынша негізгі күн тәртібіндегі мәселелерді мектеп-лицей директоры Байымбетова Ләйлә Мұхметжанқызы баяндап,слайд арқылы көрсетті. Ең бастысы ата-аналарға 2020 жылғы 3-кварталдағы мектептің кіріс-шығыс бюджетінің қалай ұйымдастырылғаны мен оқу - тәрбие саласындағы өзекті мәселелерге тоқталып өтті. Атап айтқанда:
-коммуналды қызметтер;
-мектептің шахталық желдеткіші;
- ауа тазартқыш аппараты;
-кіші техникалық қызметкерлерге арнайы киім;
-қайта қалпына келтіру жөндеу бойынша асхана жұмысы;
-өзін-өзі тану кабинеті;
-есептен шыққан құрал-жабдықтар;
-жалпы мектептің ішкі және сыртқы жөндеу жұмыстары;
Сондай-ақ, мектептің ішкі және сыртқы жұмыстарына қажетті заттар мен қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты кабинетке кварц лампалары, туннель, жылу су есептеуші, лактевой дозатор, термометр, маска, перчатка т.с.с заттардың алынғандығы туралы мәлімет берді. Жиналыс барысында күн тәртібіндегі осы аталған мәселелер слайдта арнайы аргументтермен 3 кварталға кеткен төлем /сумма/ нақты көрсетілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: