Қуанышым, Қасіретім, Мақтанышым - Желтоқсан!
Қуанышым, Қасіретім, Мақтанышым - Желтоқсан! Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар намысына айналған, бізге тәуелсіздік туын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүнежүзіне танымал еткен 1986 жылғы оқиға екені бәрімізге мәлім. Содан бері арада қанша жылдар өтсе де, желтоқсанның ызғары - әрбір қазақтың бойын суық мұздай қарып, жанын жаралап, ұмытылмас тарихы терең оқиғаға айналған еді. Сондықтан да бұл оқиға қазақ тарихындағы ақтаңдақтардың бірегейі десек артық айтқандық