№5 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС/2022-2023 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №5 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС/2022-2023 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы
30
май
2023

№5 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС/2022-2023 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы

1.2022-2023 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы                                                              

                                                               / Мектеп-лицей директоры Л.М.Байымбетова,  әкімшілік /                                 

2.2023-2024 жаңа оқу жылының міндеттері

                                                                                /Мектеп-лицей директоры Л.М.Байымбетова/

3.2022-2023 оқу жылының қозғалыс есебі:

  • 1-8, 10 сыныптарды сыныптан сыныпқа көшіру;
  • “Қазақстан Республикасының  Оқу-ағарту  министрінің 2023 жылғы 10.04 №88, мектепішілік 2023 жылы 13.04. 102 бұйрықтарының негізінде 9 және 11 сыныптарды қорытынды және аралық аттестаттауға жіберу;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18.03 №125 бұйрығының 43-44 тараулары бойынша  9 сыныптарға “Үздік аттестат”, 11 сыныптарға “Үздік аттестат” және “Алтын белгі” төсбелгісіне үміткерлерге  комиссияның шешімі;
  • Денсаулығана байланысты емтиханнан        босатылған оқушылар.
  • Жылдық қорытынды  үлгерімін талдау.

                                                                                             /ДОІЖО Г.В.Кабдиева/

4.Мемлекеттік оқу бағдарламаларының орындалуы туралы                                                                        

/Бірлестік жетекшілері/

5. 2023-2024 жаңа оқу жылына ғылыми жоба, олимпиада және интеллектуалды сайыстардың жоспарын, тақырыптарын және қатысатын оқушылар тізімін жоспарлау 

                                                                                  /ДОІЖО Г.И.Дарменбекова/                                                                      

6.Жазғы мектеп жанындағы   лагерьді ұйымдастырылуын бекіту                                                                                   /ДОІЖО Н.Е.Калыбек /

7. 2023-2024 жылғы оқулықтардың тізімдемелерін бекіту

                                                                                                                /кітапханашы М.С.Байсакова/                                                                                                                     

8.Кезекті еңбек демалысын бекіту                  

/Мектеп-лицей директоры Л.М.Байымбетова/

9.2023-2024 оқу жылына ұсыным                                                                                                                                                                                                                                                                                                             /Мектеп-лицей директоры Л.М.Байымбетова/

10.Ағымдағы мәселелер


2023-2024 оқу жылының   міндеттері:

1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын, «Білім стандартын» жүзеге асыру мақсатында жеке тұлғаның білім алу қажеттілігін, дағдысын қалыптастыру;

2.Өзін-өзі дамытуға құштар, икемді, ақпараттық, интелектуалдық ресурстарды қолдануға қабілетті, фукционалды сауатты, ұлттық құндылық негізінде тәрбиеленген жеке тұлға қалыптастыру. Z ұрпақтың ерекшелігіне байланысты оқу-тәрбие жұмысын бағыттау;

 3.Жалпы педагог қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру бойынша және фукционалдық сауаттылыққа негізделген курстарға қатысуын қамтамасыз ету. Білім мазмұнын дамыту аясында педагог кадрлардың үнемі әдістемелік білім алуын қолдау және қолайлы орта туғызу;

 4.«Сапалы сабақ –   білім сапасын арттырудың кепілі»  

-сапалы сабақты қамтамасыз ету үшін тәжірибелі озық  ұстаздардан «Сапа» тобын құру

-мұғалімнің сапалы сабақ беруін сабақтарға қатысу арқылы қадағалау

-мұғалімге әдістемелік көмек көрсету 

-мұғалім мен оқушы арасында қарым-қатынасты тікелей зерделеп отыру

-қатысқан сабақтарға апта соңында сараптама жасау

-шебер сабақтар – әдістемелік күн өткізу

 5.Ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтарды басты назарда ұстау. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыруға жалпы жағдайлар туғызу, балалар бойында жағымды әлеуметтік іс-әрекеттерге деген оң көзқарастарын, ұжымдық іс-әрекеттерге деген қызығушылықтарын, қоғамдық борыш, белсенділік және т.б. қасиеттерді дамыту.

-балалардың өмірінің қауіпсідігін қамтамасыз ету мақсатында «қауіпсіз орта құру» клубын ұйымдастыру

-оқушыларға психологиялық қолдау мақсатында тренингтер өткізу;

-мектептің ұжымдық мәдени – тәрбиелік ортасы;

-отбасылық құндылықтар жүйесі;

-ұлттық құндылықтар жүйесі;

-салауатты өмір салты;

-адал кәсіпкерлік еңбек құндылықтары;

-есепте тұрған, тәуекел тобында тұрған оқушылармен тәрбиелік мақсаттағы жұмыстарды күшейту;

-инклюзив балалармен жұмысты күшейту;

-буллинг, кибербуллинг жағдайларын тануға және оған қарсы тұруға үйрету.

6.Жалпы оқушылардың фукционалдық сауаттылығын арттыру

-жаратылыстану пәндерінен оқушылардың білім сапасын үнемі қадағалау мақсатында әкімшілік бақылау жұмыстарын, мектепішілік бақылауды күшейту;

-4-9 сыныптардағы ББЖМ-ға даярлау фукционалдық сауаттылыққа байланысты PIZA, TIMES жобаларына дайындық.

 7.Педагогикалық жұмыста зор табыстарға жетіп, өзін-өзі іс жүзінде көрсете білген шебер педагогтардың жұмыс жүйесін зерттеп, жинақтау, тарату. «Жас мамандар» клубы жұмысын әрі қарай жандандыру. 

 8.Дарынды балалардың қабілеттерін дамытуға арналған 7-10 сыныптар арасындағы резерв мектебінің жұмысын жалғастыру. Дарынды балалардың жеке клубтарын құру. Өзін-өзі дамытуға бағытталған жұмысты басшылыққа алу.

 9.Материалдық-техникалық базасын жақсарту, пән  кабинеттерін алуды жалғастыру.

 10. Дебат клубының жүйелі жұмысын ары қарай дамыту.

 11. 5-11 сыныптар бойынша кәсіби бағдар жобасын іске асыру.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: