Театрға саяхат » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
апрель
2024

Театрға саяхат

№173 мектеп-лицейінің  8“Д” сынып білім алушылары, сынып жетекшісі Ибатова Құрмет және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанар Ордабековна, ата-аналарының ұйымдастыруымен «Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма» театрына, “Ұлы мен ұры” қойылымына барды.
“Ұлы мен ұры”-ой мен сананың, қоғам мен уақыттың қойылымы. Спектакль оқиғасы қарт ғалымның үйіне ұры түсуден басталады. Үй иесі полиция шақырудың орнына ұры жігітті аяп, екеуара әңгіме мүлдем басқа  тақырыпты қозғайды. Таң қалған ұрыға: «...Ұрлық тек үй тонаудан тұра ма екен?!» деп жауап береді тележурналистерді күтіп отырған ардагер қарт. Сұхбат алуға келген тележурналистің жеңіл-желпі, «Әйтеуір жазып алсам болды, әйтеуір нанымды жеп жүрсем болды» дегендей сырғыма сұрақтары, ардагердің «Жынына тиеді». Осы тұста үйге ардагердің журналист ұлы келеді де, телесұхбат әке мен бала арасында ар шындығы, қоғам шындығы туралы ащы пікірталаc айтысқа ұласып, бірте - бірте ақиқат шеті көріне бастайды.
Кешеден бүгінге жалғасқан көкейкесті, күрделі небір сауалдар алдан шығады. Жап - жас жігіт неге ұрлық жасап жүр? Бүгінгі қоғамда әртүрлі деңгейдегі ұры неге көбейді? Қоғамның бұған әсері бар ма? Мұның түп - тамыры неде?.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: