"Халықаралық қарттар күні" құттықтау » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Халықаралық қарттар күні" құттықтау
03
октябрь
2022

"Халықаралық қарттар күні" құттықтау

     1 қазан Халықаралық қарттар күніне орай мектебімізде жыл сайын өз жұмысының жемісін көрсетіп келеді. Бұл күні аз қамтылған жалғыз басты қарттар, жасы үлкен адамдар мен мүгедектерге көңіл аударылып, материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмектер көрсетіледі.
     Халықаралық қарттар күні - қарт кісілердің шешуші мәселелерін еске   алып,оларға көмек көрсетудің бір себебі.
     Осы қарт кісілерден біздің және өсіп келе жатқан жас жеткіншектердің алар тәрбиесі мен өсиеттері көп екендігі бәрімізге мәлім. Олардан  ұлтымыздың салт дәстүрлерін, мәдениетін және туған тілдің, адамгершілік қарым-қатынастың қасиеттерін үйренеміз.
     Әрине ,біз  жоғары буынды қарт адамдардың біз үшін жасаған еңбектерін ешқашан ұмытпаймыз. Сол себепті де қарттар – біздің асыл қазынамыз болғандықтан,қарттар күніне орай ,  ұстаздарымыз сынып оқушыларымен бірге 5-6 сыныптар  соғыс ардагерлері және қарт кісілердің  үйіне барып мерекелерімен құттықтап, гүл шоқтары мен азын - аулақ сыйлықтарын алып, арнайы қарттар күнімен құттықтап, сыйлық тарту етті. Қарттарымыз оқушыларға бастан кешкен қиыншылықтарын, соғыс кезіндегі ерен еңбектері жайлы әңгіме етсе, ал қарт ұстаздарымыз ұстаз жолы - ерекше жол екендігін әңгіме етті. Оқушылар қарттарға арнап өлең оқып, ән арнады. Қарттар оқушыларға өз ризашылықтарын білдірді. Оқушылар  шын тілектерін білдіріп,  еңбектің  зейнетін көріп отырған шақта әр ұрпаққа игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытқаны  үшін алғыстарын білдірді.  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: