16
май
2024
«Отбасы күні» мерекесімен құттықтаймыз!
«Отбасы күні» біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді. Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие – бұл барша халқымыздың бақуатты да табысты болашағының кепілі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз. Ендеше, Отанымыз, Тәуелсіз мемлекетіміздің мәртебесі одан әрі артып, көк байрағы биіктен желбірей берсін! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, мықты денсаулық, ырыс-береке, толағай табыстар тілейміз.