"Ата- ана болу- ұлы міндет" ата-ана жиналысы » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ата- ана болу- ұлы міндет" ата-ана жиналысы
21
март
2022

"Ата- ана болу- ұлы міндет" ата-ана жиналысы

Ата- аналар жиналысы 
2 "Б" сынып
"Ата- ана болу- ұлы міндет"
Мақсаты:  Отбасы және мектеп тәрбиесінің жеке тұлғаны дамытудағы ортақ ықпалдастық жолдарын талқылау, мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру, ата-аналарды бірлескен іс-әрекетке тарту.
Тәрбие- баршаның ісі, әсіресе ата-аналардың қасиетті борышы. Бұл туралы ҚР-ның Конституциясында айқын айтылған. Халқымыз мұны «Ұлы жол өз табалдырығыңнан басталады» деген, қандай әдемі айтылған сөз. Бар адам да үйден бастау алатын осы кішкене соқпақпен жүріп,үлкен жолын табады. Баланы мектепке сілтеп тастаған ата-аналар қатты қателеседі.өз бөбегіңіздің іңгәсін есіткен сәтіңізден бастап, сіздің алдыңызға нәзік те, өте жауапты қоғамдық қызметіңіз басталады. Отбасылық өмірдің басты мәні де, негізгі мақсаты да жасөспірімдерге дұрыс тәрбие беру. Бала тәрбиесіне жеке адам, мектеп, ата-ана ғана емес, көше, қоршаған орта да үлкен ықпал етеді.
Баланы жастайынан қалай тәрбиелесің, солай болып өсетіні белгілі. «Әкеге қарап,ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген атам қазақ айтып кеткен сөзді жадымыздан еш шығармай, есте  сақтап, шығармағанымыз жөн сияқты. Кішкентайынан еңбекке баулып,адал болуға, үлкенді сыйлауға үйрету-ата-ананың басты міндеті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: