"Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас" ата-аналар жиналысы » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас" ата-аналар жиналысы
20
январь
2022

"Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас" ата-аналар жиналысы

           Қаңтардың 20-21 жұлдызы 1,2-ауысым сыныптары үшін ата-аналар жиналысы деп белгіленді. Жиналыста күн тәртібіне қойылған негізгі мәселелер өз деңгейінде қарастырылуда. Балалардың білім сапасы жөнінде хабар беру мақсатында пән мұғалімдері де белсене қатысып, ата-аналарға балалары жөнінде пікір білдіруде. Сонымен қатар, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас туралы түсіндірме жұмыс жүргізілді.

         Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата – ана тәрбиесінің әдіс - тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым – қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру. Ата - аналардың мұғаліммен тығыз байланысын арттыру. Балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.

Отбасы- адамзат бесігін тербеткен алтын ұя. Баланың бас ұстазы ата-анасы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимайды қалай салсаңыз, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» Ж.Ж.Руссо 

         Келесі жиналыста көтерілген мәселелердің бірі – үлгерім сапасы. Яғни, оқушылардың 1 тоқсан көрсеткіші салыстырмалы түрде 2 тоқсан қорытындысымен таныстырылды. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: