«Отбасындағы қыздың тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері» тақырыбында 7 сынып оқушыларымен өткен кездесу » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Отбасындағы қыздың тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері» тақырыбында 7 сынып оқушыларымен өткен кездесу
19
октябрь
2021

«Отбасындағы қыздың тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері» тақырыбында 7 сынып оқушыларымен өткен кездесу

         Мақсаты: Халықтық тәлім — тәрбие негізінде қазіргі қазақ қыздарының бойында жан сұлулығын қалыптастыру жолдарын көрсету, адамгершілікке үндеу.


         №173 мектеп-лицейінде 2021 жыл қазанның 15 күні  Халықаралық қыздар күніне байланысты «Отбасындағы қыздың тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері» тақырыбында 7 сынып оқушыларымен кездесу өтті.

Кездесуге Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Томирис» қыздар клубының жетекшісі Орынгүл Алмат Сүйіндікқызы келді.   

Кездесу барысында қыз бала бойында кездесу керек қазаққа тән қасиеттерді айтып жеткізді. Сонымен қатар, қыз баланың тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін айқындап беретін бейнеролик көрсетілді. Сол арқылы сұрақтар туындап кездесу өз жалғасын тапты. Келген қонағымыз да қыздарға барынша түрлі әңгімелер айтып, оларға еліміздің болашағы қыздардың қолында екендігін ашып түсіндірді. Қыздарымызда өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, кездесу кешіміздің мақсатын айқындай түсті. 

Мектеп өмірінде өнегелі істер мен сыпайылық қарым - қатынасқа тәрбиеленген қыздар, болашақта да ертең еңбек еткенде де жақсы жақтарымен көпшілік құрметіне бөленуі сөзсіз. Қыздардың бірі - жаңа буырқанған бұлақтың бастауы болса, екіншілері - ағысы қатты арналы өзен сияқты, бірі момын да, жуас, енді бірі өткір де өжет. Қыз баланың физиологиялық, психологиялық даму кезеңдерін басшылыққа ала отырып жүргізілетін тәрбие жұмыстары өз нәтижесін бермей қоймайды. 




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: