Тілге құрмет - елге құрмет » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тілге құрмет - елге құрмет
10
сентябрь
2021

Тілге құрмет - елге құрмет

2021-2022 оқу жылының 7 қыркүйегінде 1-11 сынып аралығында «Тілге құрмет – елге құрмет» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Бұл тақырып тіл мерекесі күніне арналды.
        Тәрбие сағатының мақсаты оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
        «Мемлекеттік тілді қаншалықты құрметтейсіз?» деген сұрақ аясында оқушылар әңгіме қозғап, өз пікірлерін білдірді. Тәрбие сағатында оқушылар «Қазақ тілі ең бай тіл» атты бейнеролигін тамашалап, ой бөлісті.
        Сынып сағатының көрнекіліктері бала бойына түрлі ақпарат беретіндей жоғары деңгейде болды. Оған тіл туралы презентациялар мен оқулықтар, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер, журналдар мен суреттер,  бейнероликтер қолданылды.
        Сонымен қатар, мектебіміздің 8 сынып оқушылары мектеп радиосынан қазақ тіліне байланысты құнды ақпараттар жеткізе отырып, ғимаратымызды өздерінің өлең жырларымен өрнектеді.
        Тәрбие сағатының нәтижесінде оқушылар мемлекеттік тілдің мәртебесін түсініп, оның ары қарай гүлденуіне үлес қосатындықтарын жеткізді.
        Сыныпта өткізілген тәрбие сағаттары барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай өткізілді.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: