Қарттарым - асыл қазынам! » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қарттарым - асыл қазынам!
19
октябрь
2020

Қарттарым - асыл қазынам!

Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас - көз бола білген қарттарымыздың орны ерекше. Олай болса, әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы тілегей теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 - қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып 1-11 сыныптар аралығында «Қарттарым асыл қазынам» атты онлайн видео челлендж өтті. Балалар өз апа-аталарымен бірге түскен суреттері арқылы, бейне жазба даярлап, жүрек жарды тілектерін білдірді.
Сондай-ақ, №173 мектеп-лицейде қазанның 6 күні Қарттарымызға арнап біріңғай сынып сағаттары өтілді. Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз екендігі, қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір – қасиеті , ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау жайлы сөз қозғалды.
«Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.» - деген ой пікірлер оқушылар тарапынан айтылды.
Бастауыш сынып оқушыларының әжелері өскелең ұрпаққа ой саларлық даналық ақылдарын жолдады.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: