13
ноябрь
2020
Жас натуралист
Жас натуралист 7 “А”сынып оқушысы Өмірхан Арсен.
Алматыдағы ауаның ең жоғарғы дәрежеде ластануы 2007 жылы тіркелген. Ол жылы ауаға 185 мың тонна ауаны ластағыш заттар қосылған.
Үлкен қалаларда басты мәселеге айнал-ған смог балаларға, жасы ұлғайған адамдар-
ға, және жүрек, тыныс алу жолдары ауруларымен ауыратын адамдар үшін өте қауіпті. Смог демікпеге, тыныс алудың қиындауы мен тоқтауына, бас ауруларына, тұмауға себеп болады. Сонымен қатар көздің, мұрынның және жұтқыншақтың мөлдір сұйық қабаттарының зақымдануын тудырады, иммунитетті әлсіретеді. Улы түтін газдардардың ауа тарауынан, жер бетінде қышқылды жаңбыр жауады. Осындай жауын-шашын түскен топырақ пен су айдындарының қышқылдығы артып, соның нәтижесінде қоршаған ортаның экожүйесі деградацияға ұшырайды. Атап айтқанда, су айдындарындағы балықтар мен су жануарлары жаппай қырылып, топырақ құнарсызданып, жеміс-жидек пен көкөніс және орман ағаштары өспей, солып қалады.
Ауаның ластану мәселесі тек қана берен-саран елдердің ғана мәселесі десек, қателік болар еді. Ауаның тазалығы үшін барлық ел жауапты. Өйткені ауа бәрімізге ортақ. Әр елдің жеке аспаны болса да ауасы болмайды.