23
сентябрь
2021
«173 мектеп-лицей» КММ-де мектепшілік өткен № 1 қыздар жиналысы туралы
№173 мектеп-лицейде 5-7 сынып қыздарына "Үлгілі үйдің қыздары" тақырыбында бірыңғай қыздар жиналысы өткізілді.
Мақсаты:
•Қыз балалардың өзін-өзі тәрбиелеуіне бағыт-бағдар беру, психоэмоциялық жағдайын жақсарту, психологиялық қолдау көрсету;
•Қыздарды адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу, өмірге деген көзқарастарын мағыналы ете білуге бағыттау.
- Жиналыста ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысуы, мектеп формасы, қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесінің ерекшеліктері, қоғамдық ортада қыз бала өзін қалай ұстау керектігі жайлы айтылды.
- Қыз балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік жайлы баяндалды.