«Бала құқығы – адам құқығы » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бала құқығы – адам құқығы
24
ноябрь
2020

«Бала құқығы – адам құқығы

🔹 «Бала құқығы – адам құқығы» Дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық айлықтың аясында өткізілетін мектепшілік іс-шаралар.
🔹
«№173 мектеп-лицей» КММ-де 20.10.2020 – 20.11.2020 жыл аралығында «Бала құқығы – адам құқығы» Дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық айлықтың аясында бірнеше іс-шаралар өткізілді.
Айлықтың мақсаты – оқушылардың мәдени құқығын, БҰҰ- мен 1989 жылы 20 қарашада қабылданған, Бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі ережелері бойынша білім деңгейін арттыру.
Айлық барысында бірқатар іс-шаралар өткізілді:
• Мектеп фойесін тақырыпқа сай безендірілді;
• «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.
• «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданды;
• «Балам менің баға жетпес байлығым» тақырыбында қоғам және мәдениет қайраткерімен онлайн кездесу ұйымдастырылды;
• «Бүкіл әлемдік балалар құқығын қорғау» тақырыбында сынып сағаттары өтілді.

1-11 сынып аралығында «Бүкіл әлемдік балалар құқығын қорғау» тақырыбында сынып сағаттары өтілді. Бала құқықтары бойынша конвенцияның баптары талқыланып, балаларға олардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Оқушылар өте белсенді қатынасты, өздеріне қызықты сұрақтарды қойды.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: