«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы
17
ноябрь
2020

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Осындай мақсат , міндеттерді негізе ала отырып, мектебімізде
5- 10 сынып оқушылары арасында іс-шаралар жоспарланып ұйымдастырылды. Оқушылардың құқықтық санасын қалыптастырып, дамытуда сыныптан тыс құқықтық тәрбие берудің маңызы ерекше. Мектеп бойынша құқықтық тәрбие беруде жүргізілетін шаралар оқушылардың Қазақстан Республикасының заңдары туралы білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге, олардың құқықтық санасын қалыптастыруға, өз міндеттерін дұрыс қарауына, заңдарды сақтауға бағытталған. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы жұмыс жүргізуде. Мектеп оқушыларының мектеп бітіруіне және кейбір оқушылардың басқа мектепке ауысуына байланысты еріктілер клубына жылда жаңа балалар қабылданады. 2020 жылдың 14 қазан күні мектеп акт залында еріктілер клубына қабылдану рәсімі өтті. Жалпы «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының мүшелігіне 140 оқушы өтті. Карантиндік сақтық шараларын ескеріп, 10 оқушыдан мектепке шақырып осылай “Адал ұрпақ” клубына қабылданды. «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы өз жұмысын жыл бойы жоспар бойынша жүргізіп отырады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: