Суда өзін-өзі ұстау мәдениетін жетілдіру
№173 мектеп-лицейде сәуірдің 20-і күні 1-11 сыныптар аралығында сынып сағаттары өтілді. Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға су туралы мағлұмат бере отырып, оқушыларды суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік шараларымен таныстыру.
Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары жайлы таныстырылып өтті.
- Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
- Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
- Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.
- Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
- Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.
- Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз.
Судағы қатерге ұшыраған адамға алғашқы көмек көрсету жолдары көрсетілді.
Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау екендігі айтылып өтті.
Бастауыш 4-сыныптар арасында «суда өзін-өзі ұстау мәдениетін жетілдіру» тақырыбында сурет байқауы өтілуде.