«Денсаулық – зор байлық» атты флешмоб
Мақсаты: Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының негізне сәйкес, оқушылардың мәдениетін дамытуға және тәлім-тәрбиесін күшейтуге сонымен қатар, жастармен студенттердің бос уақытын тйімді әрі ұтымды ұйымдастыру.
2021 жылдың 9.10 күні №173 мектеп-лицейінің спорт залында 7 сыныптарға салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында «Денсаулық – зор байлық» атты флешмоб өткізілді.
Салауатты өмір сүру салты – аурудың алдын алу және тәннің саулығын арттыруға бағытталған адамның өмір сүру үлгісі. Әрбір адам үшін денсаулық – зор байлық. Дені сау болу – үлкен бақыт, ал салауатты өмір салтын ұстану – ғанибет. Сондықтан, №173 мектеп-лицейі оқушылары әрқашанда салауатты өмір салтын ұстануды таңдайды.