Психиатр-наркологтың қатысуымен өткізілген онлайн дәріс » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Психиатр-наркологтың қатысуымен өткізілген онлайн дәріс
09
февраль
2022

Психиатр-наркологтың қатысуымен өткізілген онлайн дәріс

Психиатр-наркологтың қатысуымен  өткізілген онлайн дәріс бойынша
 
       «Zoom» платформасында  медициналық-әлеуметтік түзету қалалық наркологиялық орталығының психиатр-нарколог дәрігері Трубникова Анна Александровнаның қатысуымен «Нашақорлықтың, алкоголизмнің және темекі шегудің алдын алу» тақырыбында 8-9 сыныптың оқушыларына онлайн дәріс өткізілді. Қатысқан оқушылар саны-100. Онлайн дәріс кезінде дәрігер-нарколог дәрі-дәрмек тұрғысынан, темекі шегудің және әртүрлі психоактивті заттарды қолданудың денсаулыққа тигізетін зардаптары туралы тыңдаушыларға қолжетімді және түсінікті түрде түсіндірді. Оқушылардың назары денсаулық – өмірдің басты құндылықтарының бірі және денсаулықты сақтау және нығайту ең алдымен адамның өз міндеті екенін айтып өтті .  Дәріс балаларға никотиннің, алкогольдің және есірткінің зияны, тәуелділіктің салдары қандай болатыны туралы көбірек ақпарат алуға мүмкіндік берді. Балалар салауатты өмір салтын сақтау туралы көптеген жаңа білімдер алды және сұрақтарына жан-жақты кәсіби жауаптар алды. Бұл профилактикалық әңгіме тек ақпараттандыру ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттай отырып, әрбір нақты өмірлік жағдаяттарда осы білімді қолдануға дайын болу дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: