15
ноябрь
2021
15 қараша – Ұлттық валюта күні
Қазақстан валютасы көп нәрсені бастан өткерді: девальвацияның бірнеше толқынын да, жылына 3061% мөлшеріндегі инфляцияна да, дегенмен 2004 жылы ТМД елдері арасында үздік деп танылды. Бүгінгі таңда Теңге тәуелсіздіктің экономикалық негізі, егемендіктің символы, Қазақстанның жаңа тарихы мен болашағының толыққанды бөлігі болып табылады.Тарихқа сәйкес, нарықтық экономика негіздерін қалыптастыру Қазақстанда 20 жыл бұрын өте күрделі экономикалық жағдайларда басталған. Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың тұңғиық шетінде тұрған елді ұстап, содан кейін оны терең дағдарыстан шығару үшін төтенше күш-жігері қажет болды.
Теңгені енгізу күрделі операция болды. 1991 жылы арнайы дизайнерлер тобы құрылды, олар: Меңдібай Алин, Досбол Қасымов, Ағымсалы Дүзелханов, Тимур Сүлейменов және Хайрулла Габжалилов болды.