ҰБТ - 2022жыл. Негізгі өзгерістер. » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҰБТ - 2022жыл. Негізгі өзгерістер.
01
декабрь
2021

ҰБТ - 2022жыл. Негізгі өзгерістер.

Алдыңғы апта инстаграм тікелей эфирге 100 ге жақын ата-ана және оқушы қатысыпты. Демек бұл тақырыптар сіздерді қызықтырады. Ол тікелей эфирде біраз сұрақтар қойылды, біраз мәліметтер айтылды.

Бұл жолы одан жақсырақ, пайдалырақ болатындай өткізейін деп отырмын, өйткені инстаграм парақшада емес, ZOOM платформасында болады.

Қандай артықшылықтары бар?

Біріншіден, кез-келген қатысушы микрафонын қосып сұрақ қоя алады.
Кәдімгідей бір вебинарда отырған сияқты эмоция болады. Алдыңғы эфир сияқты инстаграмдағыдай қатып қалмайды.

Бірақ бір минусы бар. ЗУМ ға тек 100 ғана қатысушы кіре алады. Сондықтан алғашқы тіркелген 100 адам ғана қатыса алады. Тіркелу үшін парақшада био-дағы сілтемеге өтіп, телеграм каналға тіркеліп алыңыздар, өйткені алдағы уақытта тегін ақпараттарды сол каналға жіберіп отырамын.

Вебинардың жоспары:
1. 2021 жылғы ҰБТ бойынша жалпы статистика (алдыңғы тікелей эфирде 2020 ж статистика бойынша айтқан болатынмын)
2. 2022 ҰБТ қалай болады
3. Компьютерлік ҰБТ ерекшеліктері
4. ҰБТ өткізілу мерзімдері
5. Неше рет ҰБТ тапсыруға болады
6. Ақылы ҰБТ бағасы қандай
7. Математика пәні бойынша қосылған жаңа тақырыптар🔥
8. Сұрақ жауап бөлімі

Өтетін орны ZOOM платформасы
1.12.21
Сағ 18:00 де

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: