Адал ұрпақ: "Ой тазалығы - жан тазалығы" тақырыбында эссе » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Адал ұрпақ: "Ой тазалығы - жан тазалығы" тақырыбында эссе
12
март
2022

Адал ұрпақ: "Ой тазалығы - жан тазалығы" тақырыбында эссе

      Атам қазақ «ардың ісі - адалдық» деп бесенеден жоғары бағалағаны айтпаса да белгілі. Ендеше осынау қасиетті ұғым қазірде өз дәрежесінде, өз биігінде самғай алып жүр ме? Осы сұрақтың жауабын білу мақсатында "Адал ұрпақ" ерікті мүшелерінен "Ой тазалығы - жан тазалығы" тақырыбында эссе жұмыстары алынды. 
      Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адамдық белгісінің  өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады.
Сол себепті де өзім сияқты өсіп келе жатқан еліміздің болашағына үлес қосар жастары осы сөзбен  жастайынан танысып, мағынасына терең бойлап өссе екен деп ойлаймын. Бұл сөзді болашақ ұрпаққа тек айтып қана қоймай аға буын іспен дәлелдеп, бүкіл халық болып ұрпағының бойына сіңіре алса, еліміздің ертеңі нұрлы болып, табысы еселене түспек.  Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ. Ендеше қоғам дертіне айналған «жемқорлықпен» қоғам болып  бірге күресейік! Ел ертеңі -  адал ұрпақ!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: