"Жас маманнан-жас маманға" байқауы » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жас маманнан-жас маманға" байқауы
02
декабрь
2022

"Жас маманнан-жас маманға" байқауы

Мақсаты: Жас ұстаздардың біліктілігін, жан - жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.
Сайысқа түскен жас мамандар төмендегі сынақтардан өтті: таныстыру,   өз өнерін көрсету, жағдаяттық сұрақтар. Өте қызықты әрі тартысты  өткен сайысқа жас мамандар тиянақты дайындықпен келгендіктерін көрсетті. Таныстыру және өнер көрсету кезеңдерінде мұғалімдер өздерінің жан-жақтылығын көрсете білді. Жас болса да, ұстаз деген атқа лайық жас мамандар педагогикалық жағдаяттардан жақсы шыға білді. Сабақ жоспарын құру барысында білім мазмұнын жаңарту шеңберінде белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып, педагогикалық шеберліктерін көрсетті.  Шығармашылық кезеңінде талантты мұғалімдеріміз аспапта ойнау, тамылжыта ән салу, мың бұрала билеу, әртістік шеберліктерін айшықты етіп көрсете білді.
Әділ қазылар алқасының  мүшелері  төрт  кезең бойынша  қатысушылардың бағаларын сараптап, нәтижесін шығарды. Ал директоры  оқу ісі жөнінде орынбасарлары  “Жас маман” сайысы бойынша әділ қазылар шешімін қорытындылап, жеңімпаздарды жариялап марапаттады. Нәтижесінде белсенді қатысып, ерекше көзге түсе білген Кашкынбаева Арайлым Азатқызы  Бас жүлдені иеленді
«Бұл ғасыр – тек білімділердің заманы, оны игере алсаң ғана көштен қалмайсың. Білімді бол, ұмтыл алға, жас маман!» деген ұранмен жас мамандарға ақ жол тілемекпіз. Мектебіміз әрқашан осындай шараламен толыса берсін.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: