Ақпарат » Страница 10 » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Тәуелсіздік-тұғырым!»
19
декабрь
2023
«Тәуелсіздік-тұғырым!»
Мектебімізде 5-6 сынып білім алушылары арасында өткен «Тәуелсіздік-тұғырым!» атты сурет байқауының марапаттауы өткізілді. Қатысушыларға марапаттау қағазымен қатар сыйлықтар табыс етілді.
Тәуелсіздік-тұғырым!
15
декабрь
2023
Тәуелсіздік-тұғырым!
Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.  Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын💐
Құттықтаймыз!
14
декабрь
2023
Құттықтаймыз!
Мектебіміздің информатика пәні мұғалімі Мынжасарова Арайлым,биология пәні мұғалімі Мырзабаева Бахытгуль, химия пәні мұғалімі Шаншарова Үрзада,физика пәні мұғалімі Қуатхан Ғалия CLiI аудандық байкауынан Бас жүлде иеленді.
«Жеңісімді Тәуелсіздікке арнаймын» атты сурет байқауы
13
декабрь
2023
«Жеңісімді Тәуелсіздікке арнаймын» атты сурет байқауы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Жеңісімді Тәуелсіздікке арнаймын» атты 6 сыныптар аралығында сурет байқауы өтті. Жеңіске жеткен білім алушыларымызды құттықтаймыз💐
"Тәуелсіздік-тұғырым!" тәрбие сағаты
12
декабрь
2023
"Тәуелсіздік-тұғырым!" тәрбие сағаты
Мектебімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай тәрбие сағаттары өткізілді. Негізгі мақсаты: еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, білім алушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Білім алушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу болып табылады.
Желтоқсан куәгерлері
11
декабрь
2023
Желтоқсан куәгерлері
9 желтоқсан күні мектеп-лицейде Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік күніне орай Желтоқсан қаhармандарына аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен және №173 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің  қатысуымен  спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара білім алушыларымыздың концерттік бағдарламасымен ашылып, спорттық жарыстармен жалғасын тапты.
Құттықтаймыз!
08
декабрь
2023
Құттықтаймыз!
Мектебіміздің волейболдан ұлдар командасы Әуезов ауданы бойынша ұйымдастырылған жарыста 1 орын иеленіп, қалаға жолдама алды. Жетекшісі: Серікбаев Бақытбек ағайымыз Спортшыларымызды шын жүректен құттықтап, жаңа жеңістер тілейміз💐
Құттықтаймыз!
08
декабрь
2023
Құттықтаймыз!
Мектеп Президенті Жанат Әкежан «МЕН-КӨШБАСШЫМЫН!» атты білім беру ұйымдарының  мектеп және студенттік  парламенттері көшбасшыларының қалалық слеты аясында ұйымдастырылған білім алушылардың әлеуметтік көрмесіне (табысты тәжірибе) белсене қатысқаны үшін марапаттау грамотасына ие болды. Жетекшісі: Ережепова Алтынай Бахытқызы
Көркем еңбек пәнінен өткізілген ашық сабақтар
06
декабрь
2023
Көркем еңбек пәнінен өткізілген ашық сабақтар
Көркем еңбек пәнінен мектебімізде қыздарға арналған тақия тігу және сурет байқаулары өткізілді. Пән мұғалімі: Мақұлбек Ж.