Ақпарат » Страница 7 » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» әдеби кеш
02
февраль
2024
«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» әдеби кеш
Қазақ және балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбына мектебімізде әдеби кеш өтті. 6 сынып білім алушылары арасында жарыс ұйымдастырылды. Менің атым Қожа киносынан үзінділерді оқушылар сахналап шықты.
Құттықтаймыз!
01
февраль
2024
Құттықтаймыз!
Мектебіміздің ұлдар волейбол командасы 7-8 сыныптар арасында өткен волейболдан Республикалық ұлттық мектеп лигасының, қалалық іріктеу кезенінен жүлделі 1 орынға ие болып, Республикаға жолдама алды. Спортшыларымызды қолдап, марапаттау салтанатына мектебіміздің директоры Байымбетова Л.М. құттықтап барды. Жетекшісі: Серикбаев Бақытбек Спортшыларымызды шын жүректен құттықтап, сәттілік тілейміз🥇💐
«Нашақорлықтың алдын алу» бойынша дәріс
31
январь
2024
«Нашақорлықтың алдын алу» бойынша дәріс
№173 мектеп-лицейдің инспекторы Д.Е.Анаркулова мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Б.Жапарова 6 сынып білім алушыларына жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу мақсатында дәріс оқыды.  Дәріс барысында оқушыларды қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқықбұзушылық құқықтарымен таныстырып, ұлдарға нашақорлықтың зияндығы, темекі шегудің алдын алу сынды тәрбиелік-құқықтық кеңестер беріліп, оқушылар өз ой-пікірлерімен алмасты.
«Менің атым Қожа» фильмі
30
январь
2024
«Менің атым Қожа» фильмі
Биылғы жылы жыл жазушысы атанған, балалар әдебиетінің бәйтерегі, заңғар ойлы, қазақтың көрнекті балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100-жылдығына орай мектебімізде 5 сынып білім алушыларына «Менің атым Қожа» повесі бойынша түсірілген фильмы көрсетілді.
«Балалардың жүрегін жылытайық»  қайырымдылық акциясы
29
январь
2024
«Балалардың жүрегін жылытайық» қайырымдылық акциясы
Педагог-психологтардың  қатысуымен «Балалардың жүрегін жылытайық»  қайырымдылық акциясы негізінде  ұйымдастырылды.
Жас мамандар семинары
26
январь
2024
Жас мамандар семинары
Жас мамандар семинары Тақырыбы: “Қиын оқушымен жұмыс” Мақсаты: Тәрбиесі қиын және қиынға бейім оқушылармен жұмыс жүргізуді үйрету. Міндеті: Оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеру және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу. Осы тақырыпта жас мамандармен бірге семинар өтті.
Елді мекендердің жіктелуі. Елді мекендердің функционалды зоналары
25
январь
2024
Елді мекендердің жіктелуі. Елді мекендердің функционалды зоналары
География пәнінің мұғалімі  Бекбатырова  Райхан  Буракуджаевна география пәнінен 9  «Е» сынып окушыларына «Елді мекендердің жіктелуі. Елді мекендердің функционалды зоналары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Элементтердің табиғи топтары
24
январь
2024
Элементтердің табиғи топтары
Химия пәнінің мұғалімі Канаева Ғ.С. химия пәнінен 8 «Ә» сыныбында ашық сабақ өткізді.  Сабақта барлық оқушылар белсенділіктерін танытып отырды. Мұғалім сабақтың ұйымдастыру кезеңінде  білім алушыларды сабақ тақырыбына сәйкес топтарға бөлді. Білім алушылар бір-біріне сәттілік тілеп, өткен сабақ бойынша сұрақтарға жауап берді.
Жүйке жүйесінің бөлімдері
23
январь
2024
Жүйке жүйесінің бөлімдері
Биология пәнінің мұғалімі Ынтымақ Назерке Батыржанқызы биология пәнінен 7 «Г» сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақта барлық оқушылар белсенділіктерін танытып отырды. Мұғалім сабақтың ұйымдастыру кезеңінде  білім алушыларды сабақ тақырыбына сәйкес «Жасырынған сандар» әдісі бойынша топқа бөлінді. Білім алушылар бір-біріне сәттілік тілеп, өткен сабақ бойынша «Wordwoll» сұрақтарға жауап берді.
№2 Кіші Педагогикалық кеңес
22
январь
2024
№2 Кіші Педагогикалық кеңес
Мектебімізде №2 Кіші Педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде 2024 жылы сәуір айында мектеп мемлекеттік аттестаттау тізіміне енгендігі туралы Алматы қаласы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің 10.11.2023 жылғы №629  бұйрығымен және мектепішілік 17.01.2024 жылғы  №13 бұйрығымен таныстыру ҚР Оқу-ағарту министрінің 5.12.2022 жылғы мемлекеттік ұйымдарды аттестаттау туралы №486  бұйрығы негізінде өзін-өзі бағалау өлшемшарттары туралы айтылып, шешім шығарылды.