Террористік сипаттағы қауіп-қатер туындаған кезде бастапқы ден қоюды ұйымдастыру » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Террористік сипаттағы қауіп-қатер туындаған кезде бастапқы ден қоюды ұйымдастыру
13
апрель
2021

Террористік сипаттағы қауіп-қатер туындаған кезде бастапқы ден қоюды ұйымдастыру

№173 мектеп-лицейде «Террористік сипаттағы қауіп-қатер туындаған кезде бастапқы ден қоюды ұйымдастыру» тақырыбына өткізілген іс-шара туралы
А Н Ы Қ Т А М А

Бейбітшілік пен татулықты арқау еткен мемлекеттің билігін күйретуге әсер ететін бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша жаһандық мәселе -терроризм. Қазіргі уақытта, терроризм мен эктремизмнің таралу қаупі еліміздің қауіпсіздігіне төнетін шынайы қауіпке айналып отыр.
Осы мақсатта №173 мектеп-лицейде бірлескен жоспар құрылып, жоспарлы жұмыс нәтижесінде мектеп-лицей ғимаратында 40-қа жуық бейнебақылау орнатылып, күзетшілер арнайы оқу-жаттығу курстарынан өткізілді. Қызметкерлер террористік актілерді болдырмау жөніндегі жадынамамен, ҚР ІІМ 2015 жылғы 8 шілдесінде №582 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасымен таныстырылды. Мектеп ұжымы антитеррорға қарсы 2020 жылдың қыркүйек айында арнайы қашықтан курс өтті.
Екінші бағыт бойынша оқушыларға, мектеп ұжымына Қазақстан Республикасының террорға қарсы орталығының «Террористік сипаттағы қауіп-қатер туындаған кезде бастапқы ден қоюды ұйымдастыру» тақырыбына арнайы дайындалған бейнеқұралды көрсеттік. Атап айтар болсақ, 1-11 сынып оқушылары арасында, жалпы 2288 оқушы қамтылды. «Терроризм мен экстремизмге жол жоқ!» тақырыбында арнайы дайындалған бейнероликтер арқылы оқушыларға ақпараттық мәліметтер таныстырылды. Бұл жұмыстар оқушы бойында саяси-құқықтық, рухани білімін қалыптастыруда өз әсерін тигізді.

Қорыта айтқанда, экстремизм мен терроризмнің алдын алу – елдің міндеті. Ал, білім беру ұйымдарының алдындағы міндет – оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жас ұрпақты салауатты, саналы, зияткер тұлға ретінде қалыптастыру.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: