Хаттама » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
июнь
2021

Хаттама

11 – СЫНЫП АТА-АНАЛАРЫНА “АТТЕСТАТ ТАПСЫРУ  САЛТАНАТТЫ ЖИЫННЫҢ ӨТІЛУ УАҚЫТЫН ЖӘНЕ РЕТІН ХАБАРДАР ЕТУ” ТАҚЫРЫБЫНДА АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫНЫҢ ХАТТАМАСЫ.


Қатысқаны: 100

Қатыспағаны: 59


Күн тәртібінде:

1.  Аттестат тапсыру салтанатты жиынның уақытын, өткізу формасын, санитарлық нормаларды сақтау ережесімен таныстыру;

2. 14.06.2021 күнгі балалардың қауіпсіздігі туралы айту;

3. Салтанатты жиынға ешқандай гүл тағы басқа қаражат кететін заттардың болмауын хабардар ету.

   Тыңдалды: бірінші мәселе бойынша №173 мектеп-лицей директоры Л.М.Байымбетова сөз алып, аттестат тапсыру салтантатты жиынның уақытын ата-аналарға таныстырды. 11 «А» және 11 «Ә» сыныптары сағат 9.00-9.40 аралығында, 11 «Б» және 11 «В» сыныптары сағат 10.00-10.40, 11 Г» және 11 «Ғ» сыныптары сағат 11.10-11.50 аралығында өтетіндігін хабарлады. Салатанатты жиынға мектеп формасын сақтауды айтты. Санитарлық норманы сақтап, оқушылардың маска тағуын және бір оқушыға бір ата-ана келуін айтты.

Екінші мәселе: 14   маусым күні балалар ешқайда жиналмай, қауіпсіздік ережесін сақтап ата-аналарымен отбасында болуын сұрады. Әр ата-ана өз баласы үшін жауапты екенін ескертті.

Үшінші мәселе: Салтанатты жиынға ата-ана тарапынан ешқандай сый – сияпат алып келмеуін ескертті. Гүл немесе тағы басқа қаражат кететін заттардың болмауын қатаң түрде айтты. 

Жиналыс соңына ата-аналар мектеп әкімшілігіне және сынып жетекшілеріне деген алғысын жеткізді. Жиналыс барасында ата-аналар  балаларының жауапкершілігін  өз мойындарына алды. 

Шешім:

1. Аттестат тапсыру салтанатты жиында, мектеп формасын, санитарлық нормаларды сақтау ережесімен жиналыс барысында ата-ана танысып,   ата-ана тарапынан балаға жағдай жасалынып, қолдау көрсетіледі;


2. 14.06.2021 күнгі балалардың қауіпсіздігін қадағалау ата-аналарға жүктелсін. 

3. Гүл немесе тағы басқа қаражат кететін заттардың болмауын қатаң ескертілді.



№173 мектеп-лицей директоры:                          Л.М. Байымбетова


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: