"Bala Qorgau" сайтының QR код тақтайшасы мектепке орнатылды » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Bala Qorgau" сайтының QR код тақтайшасы мектепке орнатылды
22
апрель
2022

"Bala Qorgau" сайтының QR код тақтайшасы мектепке орнатылды

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Менің Атамекенім» ҚБ-мен бірлесіп, Қазақстан оқушылары мен олардың ата-аналарына тегін консультациялық көмек көрсету бойынша «Bala Qorgau» – «balaqorgau» веб-сайт  жобасын іске қосқан болатын. Осы орайда, аталған сайтпен мектебіміздің оқушылары танысуда.
        Сайтқа тақтайшадан QR кодын сканерлеу арқылы кіре отырып, мектепте, үйде және көшеде қиындықтарға тап болған мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына көмектесуге арналған.  Сайтта олар проблемалық жағдайларды шешу бойынша кеңестермен таныса алады. Сондай-ақ, нысанды толтыру арқылы балалар қажет болған жағдайда олармен байланысатын мамандардан жеке кеңес алуға өтініш бере алатындығы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жобамен толығырақ
https://bala.gov.kz сайтта танысуға болады.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: