“Алматы-біздің қала”
3 “Ғ” сыныбында “Алматы-біздің қала” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Оқушылар Алматы қаласының қысқаша тарихымен танысып, қаланың әсем жерлеріне экран арқылы саяхат жасады. Жұптық жұмыстар барысында әртүрлі тапсырмалар орындап, қаланың тазалығын сақтау әр тұрғынның борышы екенін жақсы жеткізе білді. Алматы қаласының өркендеп, көркеюіне өз үлестерін қосатынын тілек ретінде жазып, кері байланыс орнатты. Жетекшісі: Адильбаева Л.Е.