06
апрель
2021
7-сәуір Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні
7-сәуір Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай 1-11 сыныптар аралығында сынып сағаттары өтілді.
Денсаулық күнін жыл сайын өткізу 1950 жылдан бастап дәстүрге айналды. Бұл күн адамдардың өз өмірлерінде денсаулықтың мәні қаншалықты зор екенін түсініп, бүкіл әлемде адамдар денсаулығын жақсарта түсу мақсатында тиісті шешім қабылдаулары үшін өткізіледі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әр жылды медицинадағы аса көкейкесті мәселелердің біріне арнап отырады.