Алғашқы қоңырау » КГУ "Школа-лицей №173" г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№173 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 255-57-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 255-58-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

Алғашқы қоңырау

Мақсаты:  1-қыркүйек білім күні дәстүрлі мерекеміз туралы мағлұмат бере отырып, балаларды, шақырылған қонақтарды, ата – аналарды, ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, сапалы білім, саналы тәртіп алуларына тілектес білдіру. Білім күні туралы оқушылардың білімін толықтыру. Оқушыларды тапқырлыққа, шапшаңдылыққа баулу. Оқушылардың өз отанын сүюге, шыншылдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» толуы туралы мағлұмат беру.


        Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, "Кел, балалар, оқылық" атты

 1-сыныптарға арналған жиын өтті. Мерекелік шара  мектебіміздің ардагер ұстазы Садыкова Бақтыгүл Сейітсұлтанқызының ұстаздар мен оқушыларға берген ақ батасымен басталды. 


    

    Білім күніне арналған салтанатты жиында "Қуыршақ" театрының кейіпкерлері келіп, бүлдіршіндерімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Аталған жиын мектеп табалдырыған аттап отырған шәкірттерге 11 сынып үздік оқушыларының әліппені сыйға тартуымен жалғасын тапты.





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: