04
апрель
2022
Бастауыш сыныптар онкүндігінің ашылуы
173 мектеп-лицейде жылдағы үрдіс бойынша 4-сәуір күні "Білім ғарышына саяхат" тақырыбында бастауыш сынып онкүндігінің ашылу салтанаты болып өтті. Іс-шараға бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушылары ерекше көңілмен дайындалды. Апталық қарсаңында бастауыш сыныптар қабатында мерекеге сай шаралармен, апталықтың түсті қағаз бетіне басылған атымен, түрлі әдемі суреттермен "Менің қиялымдағы жаңа Қазақстан" атты көрмемен безендірілді. Ашылу салтанатына барлық бастауыш сынып оқушылары қатысып, өнерлерін көрсетті. Мектеп директоры Лайла Мұхаметжановна қатысып оқушылар мен мұғалімдерді онкүндік ашылуымен құттықтап, сәттілік тілеледі